Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанаты «Нұр-Сазы» ұлттық аспаптар оркестрі домбырашыларының орындауындағы күймен басталып, рухани-мәдени бағыттағы мазмұнмен өрбіді. Іс-шараға қонағы, жазушының ұлы, ғалым, танымал тарихшы Арман Жұмаділов қойылған сұрақтарға жауап бере отыра жазушының өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы баяндады, қаламгердің Қытай қазақтарын тарихи ота...